Астрахан филармониясында Қазақстан өнерпаздарының концерті аншлагпен өтті

Астрахан филармониясында Қазақстан өнерпаздарының концерті аншлагпен өтті

23-28 тамыз кезеңінде "Каспий маусымы" Халықаралық классикалық өнер фестивалі аясында Астрахан мемлекеттік филармониясында Каспий маңы мемлекеттерінің күндері өтуде.

26 тамызда жергілікті филармонияда кеш Қазақстанның музыкалық мәдениетіне арналды. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақслу Жұмалиева және Айбар Хайырханов көпшілікті өнерімен тәнтті етті. Кештің басты ерекшелігі - домбырашылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Тұрлыхан Әбуханов пен Нұралы Айтуганов қазақ музыкасы мен дәстүрлі халық әндерінің әуендері мен күйлері орындады.

Сонымен қатар, концерт басталар алдында Астрахан мемлекеттік филармониясының фойесінде көрермендерді "Ресей – Каспий маңы" фотокөрмесі өткізіліп, онда Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан өнер шеберлерінің 60-тан астам жұмыстары қойылды. Фотосуреттерде өткен жылдардағы "Каспий маусымы" фестивалінің жарқын сәттерін, Каспий теңізінің жағасында орналасқан елдер халықтарының табиғаты, сәулеті, тұрмысы мен әдет-ғұрыптары кеңінен көрсетілген.