Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Астраханға келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Астраханға келді

Үстіміздегі жылғы 23 тамызда Астрахан қаласында "Каспий кубогы" грек-рим күресінен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрамаларының өзара матчтық кездесуі өтеді.

Аталған спорттық іс-шараның салтанатты ашылуы мен өткізілуіне қатысу үшін құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов Астрахан қаласына сапармен келді.

Астраханға сапар аясында Парламент Сенатының депутаты облыстағы Володар ауданы Алтынжар ауылындағы Құрманғазы Сағырбаев атындағы өңірлік мәдени орталыққа және күйші-композитордың кесенесіне барды. Мәдени орталықтың директоры Амангелді Абдулгазиев бастаған Астрахан облысының мәдениет мекемесінің шығармашылық ұжымы құрметті қонақты орыс каравайы мен қазақтың ұлттық тағамы - бауырсақтармен қарсы алып, содан кейін қонақты мұражайдың салыну тарихымен және ондағы экспонаттарымен таныстырды.

Сонымен қатар, депутат Амангелді Толамисов Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығында болып, дипломатиялық өкілдіктің жұмысымен және өңірдегі негізгі қызмет бағыттарымен танысты.