
17 тамызда Астрахан қаласында "Каспий маусымы - 2024" халықаралық классикалық өнер фестивалі басталды.
Астрахан Кремлінің собор алаңында Каспий маңы елдерінің жұлдыздары өнер көрсетті. Каспий маңы мемлекеттерінің симфониялық оркестрінің құрамында Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік симфониялық оркестрінің астаналық әртістері – Тхай Александр, Сәдуақасов Дархан, Қадірова Жәмила, Камитова Қарлығаш өнер көрсетті.
Мәдени шара аясында 23-28 тамыз аралығында Астрахань мемлекеттік филармониясының сахнасында фестивальге қатысушы елдердің күндері өтеді: Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Түрікменстан, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Өзбекстан Республикасы.
Атап айтқанда, 26 тамызда Астрахань мемлекеттік филармониясының сахнасында Қазақстан Республикасының өнерпаздары өнер көрсетеді. Астрахань қаласында алғаш рет Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері Ақсұлу Жұмалиева мен Айбар Хайырханов, домбырашылар Тұрлыхан Әбуханов пен Нұралы Айтуғанов өнер көрсетеді.