
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Дағыстан Республикасы Үкіметінің Төрағасы Абдулмуслим Абдулмуслимовпен кездесуі барысында тиісті келісімге қол жеткізілді. Келіссөздер XXVII Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында өтті.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі, туризмдегі, мәдениеттегі, білім берудегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өзара жолаушылар тасымалын ұлғайту тақырыбы қозғалды.
Әріптестік байланыстарды жандандыру мақсатында Д.Абаев жақын арада Дағыстанға бизнес-миссия ұйымдастыруды және республиканың әлеуетімен танысуды ұсынды. Ол өзара тиімді ынтымақтастық үшін көптеген перспективалық бағыттардың бар екендігін атап өтіп, Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.