ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Якутия басшысы А.Николаевпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Якутия басшысы А.Николаевпен кездесті

XXVII Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Саха (Якутия) Республикасының Басшысы Айсен Николаевпен кездесті.

Тараптар А.Николаевтың Қазақстанға және Д.Абаевтың Якутияға жақында жасаған сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылауды жалғастырды.

Саха Республикасының Басшысы Елшіге 2024 жылдың сәуір айында жоғары деңгейде өткен Якутия күндерін Қазақстанда өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді Іс-шаралар шеңберінде мемлекеттік органдар басшылары деңгейінде келіссөздер, Якутияның инвестициялық және туристік әлеуетінің тұсаукесері, бизнес өкілдерінің кездесулері мен B2B-сессиялары өтті, ынтымақтастық туралы 10-нан астам құжатқа қол қойылды, кең мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

А.Николаев қазақстандық делегацияны 26 маусымда Якутскіде өтетін VIII "Азия балалары" Халықаралық спорт ойындарының ашылу салтанатына шақырды. Қазақстан командасы жарыста шетелдік командалары ішінде ең көп болады барлығы 250-ден астам адам мәлімделді. Өз кезегінде, якут спортшылары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатыспақ.