ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Красноярск өлкесінің губернаторы М.Котюковпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Красноярск өлкесінің губернаторы М.Котюковпен кездесті

XVII Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Красноярск өлкесінің губернаторы Михаил Котюковпен кездесті.

Тауар айналымын арттыру перспективалары басты назарда болды. 2023 жылы өзара сауда көрсеткіші $167,3 млн құрады, 200-ге жуық Красноярск компаниясы қазақстандық серіктестермен бизнес жүргізуде. Өңір Қазақстанға кең ауқымды позициялар бойынша тауарларды, оның ішінде металлургия өнімдерін, түрлі жабдықтарды, ағаш материалдарын, байланыс жүйелерін жеткізуге дайын. Өз кезегінде, өңір ауылшаруашылық, тау-кен, карьерлік техника мен қосалқы бөлшектерді сондай-ақ ағаш өңдеу жабдықтарын сатып алуға мүдделі.

Өзара тиімді ынтымақтастық үшін жақсы перспективалар спутниктік құрылыста, Красноярск және Черемшанка әуежайларының базасында көлік-логистикалық хаб арқылы тікелей жүк әуе қатынасын ұйымдастыруда, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру үшін қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін жеткізуде ашылады.

Қазақстанның тау-кен және мұнай-газ компаниялары Красноярск кәсіпорындарының бірі әзірлеген тұзды көлдер мен мұнай кен орындарының ілеспе суларынан литийді тікелей алу технологиясына қызығушылық танытуы мүмкін.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары білім беру туризм және инфрақұрылымды дамыту саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды ұлғайтуға және серіктестік байланыстарды жандандыруға келісті