ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Удмуртия басшысы А.Бречаловпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Удмуртия басшысы А.Бречаловпен кездесті

XXVII Петербург Халықаралық экономикалық форумының аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Удмурт Республикасының Басшысы Александр Бречаловпен кездесті.

Сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Қазақстан негізгі серіктестердің бірі болып табылады және сыртқы сауда тауар айналымының жалпы көлемі бойынша екінші орында.

Басым бағыттардың қатарында өзара саудада тауар номенклатурасын кеңейту белгіленді. Удмуртия экономикасының негізгі салалары металлургия, металл өңдеу ағаш өңдеу өнеркәсібі болып табылады, Удмурт машина жасау кластері» құрылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша өзара сапарлар және түрлі сауда-көрме іс-шараларына бизнес-миссиялардың қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді