
Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин өңірдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Ардақ Мәдиевті қабылдады.
Аймақ басшысы қазақстандық дипломатқа бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Губернатор 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанмен тауар айналымы 40% - дан астам өскенін, Атырау және Маңғыстау облыстарымен өңіраралық байланыстар нығайғанын, Каспий теңізінің айналасында мотошеру сәтті өткенін, Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасының өзара ынтымақтастығына қосымша серпін берген көптеген түрлі іс-шаралар өткізілгенін баяндады. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның Бас консулы А.Мәдиевтің жеке күш-жігерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Өз кезегінде Бас консул губернаторға оның жұмысына көмектескені және қолдағаны үшін алғыс айтты. "Бірлескен жұмыста қол жеткізген оң нәтижелер Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында мүмкін болды", – деді А.Мәдиев. Мен Сіздің командаңызбен тығыз байланыста жұмыс істедім. Мен Астраханмен қимастықпен қоштасамын және ол менің өмірімде ең жақсы естеліктерім болып қалады" деді.