Астрахан облысының Қазақстанмен ынтымақтастығын дамыту туралы Гужвиндік оқулар өтті

Астрахан облысының Қазақстанмен ынтымақтастығын дамыту туралы Гужвиндік оқулар өтті

Астрахан қаласында «Каспий ғылыми-білім беру конгресі-2024» аясында Астрахан облысының Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытуға арналған IV Гужвин оқулары өтті.

Іс-шара В.Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылып, оған Астрахан облысы әкімшілігінің, жоғары оқу орындарының, жергілікті қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бейне-конференц-байланыс режимінде Атырау облысындағы "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің басшысы А.Кораблев сөз сөйледі.

Анықтама: Гужвин Анатолий Петрович 25.03.1949 жылы Астрахан облысында туылған. 1991-2004 жылдары Астраханской облысының алғашқы губернаторы.

"Астрахан облысының тұңғыш губернаторы А.П. Гужвиннің Астрахан-Қазақстан аймақаралық байланыстарының қалыптасуындағы рөлі туралы" сөйлеген сөзінде Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрінің міндетін атқарушы И.Торопицын Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен алғашқы шарттық қатынастар өткен 90-шы жылдардың ортасында орнатылғанын және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалғанын атап өтті. Содан кейін, 2000 жылдары жоғарыда аталған өңірлермен, сондай-ақ Маңғыстау облысымен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, И.Торопицын А.Гужвин губрнатор болған тұста Құрманғазы Сағырбаевтың қабірінде мемориалдың және Володар ауданының Алтынжар ауылында көрнекті композитор-күйші атындағы өңірлік орталықтың ашылуына, Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасында Қиғаш өзені арқылы көпір салуға, Астраханда Қазақстан Республикасы консулдығының ашылуына (қазіргі уақытта Бас консулдық), Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі облыстарда Астрахан облысының күндерін өткізуге және т.б. игілікті істерге бірден бір бастамашы болғанын атап өтті.

Астрахан облысы Сыртқы байланыстар министрінің орынбасары А.Айдин өз сөзін Астрахан облысының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегі тақырыбына арнады. Астрахан-Қазақстан қарым-қатынастарының негізін ауыл шаруашылығы саудасы құрайтыны атап өтілді. 2023 жылы Қазақстанға 20 мыңнан астам көкөніс және балық өнімдері жөнелтілген. Ал, тиісінше Астрахан өңірінде дәстүрлі түрде қазақстандық азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп тауарлары тұтынушыларға кеңінен танымал екені айтылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі 2022 жылмен салыстырғанда 40% құраған. 2023 жылы Астрахан компаниялары жалпы 26 экспорттық келісім-шарт жасасты, оның 5-не Атырау облысының контрагенттерімен қол қойылды.

Астрахан облысының жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасының 20-дан астам оқу орындарымен шарттық қатынастарға орнатқан. Астрахан облысында Қазақстаннан 700-ден астам студент оқиды.

Сонымен қатар, облыстағы "Жолдастық" қазақ мәдениеті Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымы кеңесінің төрағасы Р.Арықбаев өз сөзін Ресей мен Қазақстан Республикасының өңіраралық мәдени-гуманитарлық ынтымақтасты тақырыбына арнады.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған бейне-конференц-байланыс режимінде Атырау облысындағы "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің Астрахан облысындағы серіктестермен мәдениетаралық диалог құрудағы жұмысы туралы оның басшысы А.Кораблев баяндап берді. Өз сөзінде Астрахан облысымен мәдени диалогты қолдайтынын, өңірдің мәдени іс-шараларына (оның ішінде бейнеконференц-байланыс режимінде) жиі қатысатынын атап өтті.

Астрахан облысындағы Стратегиялық бастамалар агенттігінің Қоғамдық өкілі А.Соловьев Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық ынтымақтастығы туралы баяндама жасады.