
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Волгоград облысына жұмыс сапары өтті.
Өңір губернаторы Андрей Бочаровпен кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды.
Қазақстан Волгоград облысының негізгі серіктестерінің бірі болып табылады және сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі бойынша екінші орын алуда. 2023 жылы өзара сауда көрсеткіштері 31%-ға өсті. Келешегі зор ынтымақтастық бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешені, туризм және білім беру салалары белгіленді. Сонымен қатар, географиялық көршілік екі мемлекеттің мүддесін ескеріп, көлік-транзиттік әлеуетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Елші Волгоград облысының іскер топтарымен кездесіп, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру тақырыбын талқылады. Тараптар кооперациялық байланыстарды кеңейтуде, бизнес-миссиялармен алмасуда және көрмелер мен форумдарға белсенді қатысуда.
Өзара тиімді байланыс орнату мақсатында Д.Абаев автохимия, автокосметика, тазалау және тұрмыстық химияға арналған жуғыш заттарды ірі өндірушілердің бірі – «ТД Грасс» ЖШҚ–ның өндірістік желілерімен танысты.
Қазіргі таңда Қазақстанмен өңірдің 200-ден астам кәсіпорны жұмыс істейді.
Елші осындай орындардың біріне барды. Қазіргі уақытта «Волма» компаниясы Атырау облысында жобаны жүзеге асыруда. Жергілікті шикізат негізінде – гипс карьерінен – зауыт жоғары технологиялық өнімдер шығарады және Қазақстанның құрылыс саласы үшін құрғақ құрылыс қоспаларын жеткізеді. 7 айдың ішінде өндіріс көлемі 5 есеге – айына 4,5 мың тоннаға дейін өсті, ал жоспар бойынша – 10 есе ұлғаюы.
Достықтың берік көпірі – Волгоград облысының қазақтары. Қазіргі уақытта өңірде 37 мыңға жуық отандасымыз тұрады. Д.Абаевтың жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің белсенділерімен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың түрлі аспектілері, ана тілін үйрену мәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қаралды.
Сапар аясында Елші Мамаев қорғанындағы «Сталинград шайқасының батырлары» тарихи-мемориалдық кешеніне барды. Ол құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, Мәңгілік алауға және «Сталинградты қорғау кезінде батылдықпен соғысқан және батырлықпен қаза тапқан қазақстандықтарға» стелласына гүл шоқтарын қойды. Қала үшін шайқасқа барлық қазақстандық әскери құрылымдардың үштен бірі, 100 мыңға жуық адам қатысты. Олардың көпшілігі қайтыс болды, бірақ жауды жіберіп алмады. Жерлестеріміздің батырлығына құрмет көрсете отырып, қала тұрғындары көшелерінің бірін Қазақ атады.