ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Самара облысында болды

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Самара облысында болды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Самара облысына жұмыс сапары өтті.

Өңірдің бірінші вице-губернаторы – үкіметі төрағасының м.а. Наталья Катинамен кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, бірқатар бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Олардың ішінде Қостанай облысындағы шағын тораптық әдіспен "Lada GRANTA" ("АВТОВАЗ" АҚ) автомобиль өндірісін бөліп көрсетуге болады.

Жол инфрақұрылымының металл конструкцияларын өндіруші "Продмаш" Самара кәсіпорнымен ынтымақтастығы тағы бір мысалы болып табылады. Оның өнімдері Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық нысандарында орнатылған: Үлкен Алматы айналма жолы (БАКАД), "Астана – Алматы – Қапшағай" тас жолы, "Үшарал – Достық" автожолы және т.б.

Қазақстанның жол саласының өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты Алматы облысында қуаттылығы жылына 15 000 тонна болатын толық циклді бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылданды. Алматы облысының әкімдігі мен "Продмаш" арасында зауыт құрылысына жер учаскесін беру туралы Меморандумға қол қойылды. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1 миллиард рубльді құрайды. Бірінші кезеңді іске асыру мерзімі – 2025-2026 жж.,  екінші кезең – 2027-2028 жж.

Елші Самара облысының іскер топтарымен өңірдің Сауда-өнеркәсіп палатасында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты білім беру саласы болып табылады. Самара облысының жоғары оқу орындарында екі мыңға жуық қазақстандықтар оқиды. Жергілікті жоғары оқу орындарының басшыларымен Д.Абаев байланыстарды нығайтуды талқылады, ал жерлес студенттермен оқытудың түрлі аспектілерін қозғады және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Екі елдің шекаралас облыстары арасындағы достықтың берік көпірі Самара облысының қазақ диаспорасы болып табылады. Қазіргі уақытта өңірде 15 мыңға жуық отандастарымыз тұрады. Елшінің жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің белсенділерімен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың түрлі аспектілері, ана тілін үйрену мәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қарастырылған.

Сапар аясында Д.Абаев "Пегас-Агро" зауытына және "Медицинадағы ақпараттық технологиялар" серпінді зерттеулер орталығына барды.