
Астрахан облысының Володар ауданындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықта жыл сайынғы "Жайлау той" қазақ этно-фестивалі өтті.
Мерекенің ашылу салтанатында құрметті қонақтар: Астрахан облысының губернаторы И.Бабушкин және ҚР Бас консулы А.Мәдиев сөз сөйледі.
Сондай-ақ, аталған мәдени іс-шараға Мәскеу, Самара, Орынбор, Тюмень қалаларынан келген қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ Атырау облысының шекаралас Құрманғазы ауданынан келген қонақтар қатысты.
Мереке барысында мәдени орталықтың жазғы сахналық алаңында Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар (ат жарысы, "қазақша күрес", "садақ ату"), қолөнер көрмелері және т. б. өткізілді.
Мереке қонақтарға жергілікті қазақтардың тұрмысы мен тарихы таныстырылды, халық қолөнершілерінің туындылары көрсетілді.
Әсерлі қойылым ретінде - жергілікті тұрғындардың ұлттық киімдер киіп, түйелер мен аттармен өткен шеруі болды.
Бас консулдықтың бастамасымен және тікелей қолдауымен осымен екінші жылы аймақтағы жергілікті оқушылар арасында "Тоғыз құмалақ" қазақ ұлттық ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды.
Оның жеңімпаздары Қазақстанда орналасқан Бурабай курорттық балалар лагеріне жолдамамен баратын болады.