Астрахан қаласында балалар мен жастарға арналған IV халықаралық әдеби фестиваль өтті

Астрахан қаласында балалар мен жастарға арналған IV халықаралық әдеби фестиваль өтті

Үстіміздегі жылғы 17-19 мамыр кезеңінде Астрахан облысында "Мәдениет" ұлттық жобасы аясында балалар мен жастарға арналған IV халықаралық әдеби фестиваль өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан келген балалар тақырыбына жазатын қаламгерлер қатысты.

Бұл фестивальға Қазақстаннан ақын, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының, Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты, Атырау облысындағы Қазақстан Жазушылар одағының өкілі, Батыс өңірлер бойынша Қазақстан Жазушылар Одағы Хатшылығының мүшесі Әлия Бекежанқызы Дәулетбаева қатысты.

Сонымен қатар, фестиваль аясында  "Біз оқимыз әлем оқиды!" атты  ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығының өкілі сөз сөйледі.

Мәдени іс-шараға қатысушылар үшін поэтикалық марафондар, әдеби квесттер, интерактивті бағдарламалар, тақырыптық шеберлік сыныптары, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, сондай-ақ облыстық әдеби конкурстар мен фестивальға қатысушыларымен кездесулер өткізілді.

"Баспа аллеясы" атты балалар әдебиеті мен жастарға арналған әдебиет көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда жетекші баспагерлер өздерінің кітап өнімдерін ұсынды.