Ресейден Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберілді

Ресейден Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберілді

Ресей Федерациясы гуманитарлық көмек көрсету Ресей ТЖМ желісі арқылы Қазақстан Республикасына "Интести бактериофаг" дәрілік препаратының 10 мың құтысын берді.

Қазақстан тарапына гуманитарлық көмекті ресми тапсыру рәсімі 2024 жылғы 15 мамырда Ставрополь қаласында өтті. Аталған іс-шараға Ресей тарапынан Ресей ТЖМ "Эмерком агенттігі" ФМББ және Минеральные воды қаласындағы Ресей СІМ Өкілдігінің, сондай-ақ Ставрополь өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығының және Атырау облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері болды.

Бас консулдықтың көмегімен гуманитарлық жүкті Ставрополь қаласынан "Қараөзек-Құрманғазы" Қазақстан – Ресей шекарасына дейін жеткізу жүзеге асырылды.

Гуманитарлық жүк ішек инфекцияларының өршуінің алдын алу мақсатында су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысына арналған.