Бас консул «Мәңгілік Даңқ алауы» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Бас консул «Мәңгілік Даңқ алауы» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Ардақ Мәдиев Астрахан қаласындағы Бауырластық бағында «Мәңгілік Даңқ алауы» мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

Аталған іс-шараға сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Астрахандағы Бас консулы Мехди Акучекян, Түркіменстанның Астрахандағы консулы Гадам Иламанов, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Астрахан қаласындағы өкілінің міндетін атқарушы Мерген Джеваков және Астрахан облысының Сыртқы байланыстар   министрі Владимир Головков, сондай-ақ жергілікті министрліктердің қызметкерлері қатысты.

Қатысушы ресми өкілдер Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.