Бас консулдыққа келушілердің назарына 1, 7, 8, 9 мамыр күндері жұмыс емес.

Бас консулдыққа келушілердің назарына 1, 7, 8, 9 мамыр күндері жұмыс емес.

Құрметті азаматтар!

 

Мамыр айының басында қазақстандықтар үш мемлекеттік мерекені атап өтеді:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден мереке күні 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылды.

 

Осыған байланысты Бас консулдық 1, 7, 8, 9 мамырда азаматтарды қабылдау, сондай-ақ телефон арқылы кеңес беру жұмыстары жүргізілмейді; 4 мамыр – жұмыс күні.

 

Бас консулдыққа баруыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.