Самара облысының қазақ диаспорасы гуманитарлық жүктерді Оралға жіберді

Самара облысының қазақ диаспорасы гуманитарлық жүктерді Оралға жіберді

Наурызда басталған Қазақстандағы жаппай су тасқыны соңғы 80 жылдағы республикадағы ең ірі табиғи апат болды.

Самара облысындағы қандастармыз да  су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының тұрғындарына көмек көрсетуге  шешім қабылдады.

Гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде ағымдағы жылдың 24 сәуірінде "Самара қазақтары"мәдениет орталығы" өңірлік қоғамдық ұйымының белсенділері Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына қайырымдылық жүк жөнелтуді ұйымдастырды (бір жүк автомашинасы: биотуалеттер, генераторлар, төсек-кереуеттер мен т.б. тұрмыстық қажеттік құрал-жабдықтар). Аталған гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысының жергілікті билік өкілдеріне берілді.