
Наурызда басталған Қазақстандағы су тасқыны соңғы 80 жылдан бері республикадағы ең ірі табиғи апат болды.
Астрахан облысындағы отандастар, Астрахандағы жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері, сондай-ақ апатқа бей-жай қарамайтын Астрахан өңірінің тұрғындары Қазақстан Республикасының су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шешім қабылдады.
"Жолдастық" өңірлік қазақ қоғамдық ұйымының белсенділерімен, Астрахан мемлекеттік медицина университетінің Қазақстандық студенттерімен және жергілікті тұрғындармен гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде Атырау және Құлсары қалаларына (құрылыс материалдары, күректер, құм салуға арналған қаптар, азық-түлік өнімдері, қайықтар және басқа да қажетті тауарлар және т. б.) жүктерді (12-ден астам машина) жіберу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, апат аймағындағы қазақстандықтар үшін қаражат жинау ұйымдастырылды.
Гуманитарлық көмекті ұйымдастырушылар Қазақстандағы су тасқыны жағдайының тез жақсаруына тілектестікпен үміттенеді.