Астрахандағы Ақмола облыстық орыс драма театрының гастрольдері

Астрахандағы Ақмола облыстық орыс драма театрының гастрольдері

16-18 сәуір аралығында Астрахан қаласында Ақмола облыстық орыс драма театрының гастрольдері өтеді.

Қазақстандық театр таңдаулы спектакльдерді көрсетеді: «Лютый» (М.О. Әуезовтің шығармалары бойынша), «Станционный смотритель» (А.С. Пушкин), «Варшавская мелодия» (Л.Г. Зорин ) және «Фунтик и компания» ( В.В. Шульжик).

Спектакльдер Астрахан драма театрының сахнасында өтеді (Астрахан қ., Советская к-сі, 28-үй).

Сонымен қатар, Астраханда болу шеңберінде қазақстандық және жергілікті театр арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Келісім тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында гастрольдер мен бірқатар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.

Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын Ақмола облыстық орыс драма театрының спектакльдеріне қатысуға шақырамыз!