
2024 жылдың 16 ақпанында Орынборда белгілі композитор, этнограф Александр Викторович Затаевичтің өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақ музыкасының қамқоршысы" атты ғылыми-музыкалық кеші өтті.
Аталған іс-шараны Ресейдегі "Қазақ тілі" халықаралық орталығының өкілдігі, Орынбордың "Атамекен" Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы және "Айқап" өңірлік қоғамдық ұйымы (Челябі облысы, Троицк) ұйымдастырды.
Келген қонақтар арасында Ресей аймақтарының өкілдері, Орынбор облысының қоғам және ғылым қайраткерлері болды.
Музыкалық кеш Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері Айбар Хайырханов пен Сигватолла Ешкаевтың қатысуымен өтті.
Композитор Александр Затаевич 2300-ден астам шығарма жазған. Сонымен қатар, "Қазақ халқының 1000 әні" және "500 қазақ күйлері мен әндері" жинағының авторы. Оның еңбектерінде Қазақстанда алғаш рет Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Дәулеткерей, Балуан Шолақ, Мұхит, Ибырай сияқты көрнекті халық композиторларының шығармалары, сондай-ақ белгілі халық орындаушы әншілер Әміре Қашаубаев, Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов және т. б. өнерлері қамтылған.
А.В. Затаевичтің ән жинақтары қазақ ұлттық музыкалық мәдениетінің құндылықты қазынасы айналып, авторға әлемдік даңқ әкелді.