
Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екі елдің Үкімет басшылары Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының үдемелі дамуының және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Екі Премьер де Қазақстан мен Ресей үшін өзара қызығушылық тудыратын барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді бірлескен жұмысқа дайындығын растады.