Бас консулдың Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрімен жұмыс кездесуі өтті

Бас консулдың Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрімен жұмыс кездесуі өтті

Екі елдің шекара маңы ынтымақтастығының алдағы жоспарларын талқылау шеңберінде Бас консул А.Мәдиевтің Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі В.Головковпен кездесуі өтті.

Ағымдағы жылы өтетін іс-шаралар арасында Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің Астрахандағы мамандандырылған көрме-конференцияға қатысуы, Атырау облысы делегациясының Астраханға жоспарланған жұмыс сапары, шекара маңы облыстарының ынтымақтастық жоспарлары, шекара маңы облыстарының мәслихаттары және муниципалитет депуттарының өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ ағымдағы жылы Астраханда Каспий медиафорумын, "БерегА" Каспий жастар білім беру форумын дайындау және өткізу және басқа да халықаралық іс-шаралар жоспарлары талқыланды.

Астрахандағы халықаралық іс-шаралар әртүрлі салаларда тәжірибе мен білім алмасудың тамаша мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттері арасындағы байланыстардың дамуына ықпал ететінін ескере отырып, оған қазақстандық әріптестердің биылғы белсенді қатысуы жоспарлануда.

Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес болып табылады. Екіжақты қатынастарда өңірлермен, оның ішінде Астрахан облысымен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып келеді. Қазақстан мен Астрахан облысының өзара іс-қимылы жылдан жылға экономикалық қана емес, гуманитарлық салаларда да нығаюда.