
Астраханда қазақтың ұлы күйшісі-композитор Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына арналған гала-концерт өтті.
"Аркадия" Мәдениет үйінде өткен концерт аты аңызға айналған қазақ композиторының мерейтойына арналған жылдық іс-шаралар циклін аяқтады. Оның ішінде, Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығынан бастау алып, одан әрі музыкалық эстафеталық жолдау арқылы Қазақстан облыстарында жүзеге асырылды.
Қорытынды концерттік іс-шараны ұйымдастырушы "Жолдастық" қазақ мәдениетінің өңірлік қоғамдық ұйымы болды.
Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығының атынан кеңесші Бекжан Әліқұлов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстар, тарихтың, шығармашылық және мәдени байланыстардың, тіл мен дәстүрлердің ортақтығы стратегиялық, саяси, экономикалық әріптестіктің дамуына ықпал ететінін атап өтті. Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 200 жыл толуына арналған гала-концерт көршілес елдердің ұлы достығының көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық дипломат Астрахан облысының басшылығына, "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының басшысы Равиль Арықбаевқа, сондай-ақ белсенді өкілдерге қазақ халқының мәдени дәстүрлерін сақтауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, бар игі тілектерін жеткізді.
Қазақ диаспорасының бірқатар белсенділері "Достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін" Отандастар қорының мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Астрахан облысы Думасының депутаттық корпусының өкілдері - бірінші вице-спикер Виталий Гутман, Ресей Федерациясы Думасының сенаторы Геннадий Орденов құттықтау сөз сөйледі.
Жергілікті "Атамекен" қазақ халық аспаптар ансамблі, "Шалқыма" домбырашылары, "Достар", "Ажар" вокалдық топтары, "Жарқырау" би студиясы, "Ақмарал" және басқа да талантты өнерпаздар мерекені тамашалауға келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.