Бас консулдың Волгоград облысына жұмыс сапары өтті

Бас консулдың Волгоград облысына жұмыс сапары өтті

Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Ардақ Мәдиевтің Волгоградқа жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында Волгоград облысы губернаторының орынбасары Анна Писемскаямен, сондай-ақ облыстың атқарушы билік басшыларымен кездесуі болды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Волгоград облысы арасындағы сауда, экология, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ екіжақты дипломатиялық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында қазақстандық дипломат «Югжелдормаш» өнеркәсіптік холдингі – «Волгоград электромеханикалық зауыты» ААҚ кәсіпорындарында болып, директорлар кеңесінің төрағасы Василий Кияевпен кездесті, сондай-ақ Волгоград өңірінің қазақ диаспорасының белсенді мүшелерімен кездесу өткізді.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес бола отырып, шекаралық және өңіраралық ынтымақтастыққа үлкен мән беріп келеді. 2023 жылдың қарашасында Қостанайда өткен ХІХ Өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің әлеуметтік-экономикалық өзара іс-қимылын дамыту мәселелері талқыланды – аталған іс-шараға облыс губернаторы Андрей Бочаров бастаған облыс делегациясы қатысқан болатын.