Бас консулдың Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрімен жұмыс кездесуі

Бас консулдың Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрімен жұмыс кездесуі

Бас Консул А. Мәдиевтің Астрахан облысының министрі В. Головковпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2023 жылғы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындысы шығарылды, шекара маңы облыстары ынтымақтастығының перспективалық жоспарлары және Атырау мен Ақтаудың Астраханьмен бауырлас қалалары арасындағы ынтымақтастық жоспарлары, Маңғыстау облыстық мәслихатының Астрахан облысы Думасымен өзара іс-қимылы талқыланды.

Тараптар бірлескен және үйлесімді жұмыстың арқасында ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы мен Астрахан облысының бірлескен іс-шараларын іске асыру айтарлықтай жанданғанын атап өтті, бұл тұтастай алғанда Қазақстан-Ресей қатынастарының сенім шараларын нығайтуға ықпал етеді.