Астраханда «Домбыраның сиқырлы ішектері» атты конкурс өтті

Астраханда «Домбыраның сиқырлы ішектері» атты конкурс өтті

15 қарашада Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында «Домбыраның сиқырлы ішектері» атты II Бүкілресейлік домбырашылар байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты – халық аспаптарында ойнауды насихаттау және жас ұрпақты аспаптық шығармашылыққа баулу. Құрманғазы орталығына Астрахан, Самара, Саратов облыстары мен Қалмақтан 50-ден астам қатысушы жиналды. Қазылар алқасын Дюсеев Құттыгерей Халидоллаұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртісі (Атырау қ., Қазақстан) басқарды.

II Бүкілресейлік домбырашылар байқауының «Гран-при» басты сыйлығын Рысмұхамбетов Азамат Арсланұлы (Астрахан облысы Володар ауданы балалар өнер мектебі, жетекшісі Мажекенов Тахир Амангелдіұлы) женіп алды. Азамат байқаудың бас жүлдесі ретінде Атырау қаласына (Қазақстан) Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында шеберлік сабақтарына жолдама алды.

«Солистер» номинациясы бойынша конкурстық тыңдаулардың нәтижелері бойынша Бірінші дәрежелі Диплом Дәулетьяров Марсель Серікұлына («Винновская орта мектебі» МКМ, Астрахан облысы, жетекшісі Әлібек Армидинұлы Мамиров), Екінші дәрежелі Диплом – Саркулин Дияс Ержанұлына («Достар» Қазақ мәдениеті мен спортын дамыту қоры, Саратов қ., жетекшісі – Жақсыбаева Жазира Араловна), Үшінші дәрежелі Диплом – Собирова София Маратқызына (МКОУДО «ДШИ №15», Астрахан облысы, жетекшісі - Балғазиева Рахила Құбаевна) берілді.

«Ансамбльдер» номинациясы бойынша Бірінші дәрежелі Диплом иегері ретінде «Атаменкен» халықтық домбырашылар ансамблі (Астрахан облысы, жетекшісі – Алтын Теміртасқызы Қартмамбетова), Екінші дәрежелі диплом - «Цецн Булг» фольклорлық ансамблі (Қалмақия, жетекшісі – Манжиева Делгир Васильевна), Үшінші дәрежелі диплом - «Сарытау сазы» домбырашылар фольклорлық ансамблі (Саратов облысы, директоры – Жақсыбаева Жазира Арланқызы) атанды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен Марсель Серікұлы Дәулетяров (Астрахан облысы), Азамат Саматұлы Қалиев (Астрахан облысы) және «Бәйтерек» қазақ аспаптық ансамблі (Орынбор облысы) бөлек марапатталды.

Құрманғазы атындағы аудандық мәдениет орталығының директоры Амангелді Әбілғазиев атап өткендей, биылғы жылы «Сиқырлы домбыра ішектері» байқауы бүкілресейлік деңгейге жетті, қатысушылардың барлығы аспапты өте жақсы меңгеріп, нағыз бәсекеге қабілеттілік танытты, бұл байқауға ерекше көңіл-күй сыйлады. «Уақыт өте келе байқау географиясын кеңейтіп, халықаралық сипатқа ие болады деп сенемін», - деді ол.

Әділқазылар алқасының төрағасы Құттыгерей Дюсеев Бүкілресейлік байқаудың жақсы ұйымдастырылғанын, ұсынылған мектептердің алуан түрлілігін және орындаушылардың өзіндік музыкалық идеяларын атап өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға Ресейдің басқа өңірлерінен домбырашыларды жинап, домбыра өнерінде өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Жалпы, қатысушылардың пікірінше, шара жоғары деңгейде өтті. Байқау қорытындысы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.