
Астраханда Опера және балет театрында Астрахан мемлекеттік медицина университетінің 105 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы А.Мәдиев университет оқытушылары мен студенттерді жоғары оқу орнының мерейтойымен құттықтап, университеттің дәрігер мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, Бас консул Астрахандағы медициналық университетті бітірген қазақстандық түлектер де еліміздегі ауруханалар мен емханаларда, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелерінде жемісті еңбек етіп жатқанын атап өтті.
Іс-шараны мерекелеуге Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.Абдалиев бастаған қазақстандық делегация қатысты.
Салтанатты шараның ашылуында Астрахан облысының губернаторы И.Бабушкин, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Е. Камкин, сондай-ақ Федералды Жиналыстың және Астрахан облысы әкімшілігі мен медицина университетінің өкілдері сөз сөйледі.
Салтанатты іс-шара соңында Астрахан Опера және балет театрының, мәдени-бұқаралық бағдарламаларды іске асыру дирекциясының, Астрахан мемлекеттік ән-би ансамблінің және т.б. әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.