Қазақстанның шығармашылық ұжымы Астрахан облысында концерттер берді

Қазақстанның шығармашылық ұжымы Астрахан облысында концерттер берді

Қазақстан мен Ресей арасындағы өңірлік гуманитарлық байланыстарды нығайту аясында Астрахан облысы Володарский ауданының Алтынжар және Цветное ауылдарында Атырау қаласынан "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің "Гурьевчанка" орыс халық әні ансамблінің концерттері өтті.

Аталған гастроль 2023-2026 жылдарға арналған Астрахан және Атырау облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде қамтылған, оған Астрахан облысының губернаторы И. Бабушкиннің Қазақстанға сапары барысында Атырау облысының әкімі С.Шапкеновпен қол қойған болатын.