Р.Скляр ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумына қатысты

Р.Скляр ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумының жұмысына қатысты.

Форум аясында "Газпром" ЖАҚ-пен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол табиғи газды тасымалдау, қайта өңдеу, геологиялық барлау және басқа да іс-шаралар мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдардың кең спектрін көздейді.

Сонымен қатар "Газпром" ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесу өтті, оның барысында арадағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтіліп, сондай-ақ тараптардың одан әрі өзара тиімді әріптестікке әзірлігі айтылды.