Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтті

Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтті

Өткен демалыс күндері Астрахан облысының Володар ауданында Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының кубогына ардагерлер арасында футболдан тоғызыншы халықаралық турнир өтті.

Аталған іс-шара көрнекті қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 200 жыл толуын мерекелеу аясында А.Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қордың және "Футбол Федерациясы" Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымының қолдауымен өткізілді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша турнирге Қазақстаннан, Астрахан облысы мен Қалмақ Республикасынан барлығы - 8 команда қатысты.

Ойын нәтижесінде турнирдің жүлделі орындары:

1 орын-Қалмақ Республикасының "Уралан" командасы;

2 орынды Қазақстан Республикасы Атырау облысы Құрманғазы ауданының командасы иеленді;

3 орын – Астрахан облысы Камызяк қаласының командасы.

Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі Володар ауданы Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықта өтті.