
2023 жылғы 28 қазанда Астрахан облысы Володар ауылының стадионында Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының кубогына ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтеді. Аталған спорттық іс-шара күй атасы - композитор Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 200 жыл толуын атап өту аясында өткізіледі.
Футбол алаңында іргелес Атырау облысынан, Астрахан облысынан, Қалмақ Республикасынын және Құрманғазы ауданынан сегіз команда кездеседі.
2022 жылы Халықаралық футбол турнирі Астраханда орталық стадионда өткен болатын. Оған Қазақстаннан келген команда да қатысты. Кубокты Камызяк құрамасының футболшылары жеңіп алған, Камил Курятников атындағы Астрахан құрамасы күміс жүлдегер, ал Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының командасы қола жүлдеге ие болды.