
Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы А. Мәдиев "Каспий-табыс теңізі" атты II Халықаралық Жастар мұнай-газ ғылыми-техникалық форумына қатысты.
Жастар форумы және "көмірсутек шикізаты кен орындарын игерудің жаңа технологиялары және Каспий қайраңының экожүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің базасында өтті.
Іс-шараның ресми ашылуында қазақстандық дипломат құрметті қонақ ретінде құттықтау сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын Каспий теңізі бассейнінің бірегей табиғи ортасы мен биологиялық алуандылығын сақтау мәселесіне аударды.
Астрахан облысының губернаторы И. Бабушкиннің қатысуымен өткен салалық іс-шара ғалымдарды, оқытушыларды, студенттерді, инженерлерді, мұнай-газ өнеркәсібі мамандарын, билік өкілдерін, ресейлік және шетелдік сарапшыларды, Каспий маңы мемлекеттерінің мұнай-газ компаниялары өкілдерін біріктірді.