Атырау облысы делегациясының Астраханға жұмыс сапары

Атырау облысы делегациясының Астраханға жұмыс сапары

Астрахан облысына жұмыс сапарымен Атырау облысы әкімінің орынбасары М. Мурзиев бастаған делегация келді. Оның құрамында облыстық мемлекеттік органдарының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, АӨК саласындағы кәсіпорындардың басшылары және фермерлер бар.  

Қазақстандық делегацияның Астрахан облысы үкіметі төрағасының орынбасары Қ. Хадиковпен кездесуі барысында шекаралас өңірлердің АӨК саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Бизнес-құрылымдар деңгейінде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" Одағында өткен кездесудің басты тақырыбы болды.

Сапар аясында қазақстандық делегация "Лотос" арнайы экономикалық аймағына, өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы және аквамәдениет кәсіпорындарына барып, астрахандық әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге тиісті келісім-шарттар жасасуға уағдаласты.