
Астрахан облысының Володар аудандық мәдениет орталығында Ұлы күйші - композитор Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 200 жыл толуына және Атырау облысы Құрманғазы ауданының 95-жылдығына арналған концерт өтті.
С.Көшекбаев атындағы Құрманғазы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Құрманғазы шығармашылығы бойынша көрермендерге "Ұлы дала самалы" атты музыкалық бағдарламасын ұсынды.
Аталған іс-шараға "Жолдастық" аймақтық қоғамдық қазақ мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты. "Жолдастық" облыстық кеңесінің мүшелері әртістерге алғыс хаттар табыстап, Құрманғазы ауданының әкіміне тату көршілік байланыстарды, ұлтаралық бірлікті нығайтып, қызметтеріне табыс тілегені үшін өз алғыстарын білдірді.