
VIII Каспий медиафорумы аясында Астраханда "Шекарасыз Каспий" үздік журналистік шығармашалық жұмыстар байқауының жеңімпаздарын анықтап, оларды марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға 160-тан астам өтінімдер берілген.
Бұл байқауға қазақстандық БАҚ өкілдері белсенді қатысып, бақтарын сынады. Аталған конкурстың қорытындысы бойынша:
"Адам және теңіз" номинациясы бойынша 1 орынды Анастасия Пастухова ("Ақ Жайық" қоғамдық-саяси газеті, Қазақстан, Атырау қаласы) "Толқындармен жүгірген Әсел" атты тақырыппен жазған Каспий итбалықтарын құтқару туралы жарияланымы үшін;
"Жаңа көзқарас" номинациясы бойынша Каспий теңізінің экологиясы (операторлық жұмыс) сюжеті үшін Өнербек Жаңабаев (QAZAQSTAN ұлттық телеарнасы, Қазақстан, Атырау қаласы) 3 орынның иегері атанды.
Сонымен қатар, қазылар алқасының арнайы жүлдесін Қазақстан мен Әзербайжан достығы туралы фильмі үшін журналист Әсима Бұхарбаева ("Қазақстан" РТРК, Қазақстан, Астана қаласы) және Альберт Ахметов (басылым) иеленді (BaigeNews.kz, Қазақстан, Алматы қаласы) "Паралимпиадашы Ербол Хамитов спорттағы табыстың құпиясымен бөлісті" материалы үшін.