Қазақстан Елшісі жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Елшісі жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Елшісі Д.Абаев Астрахан облысына сапары аясында жергілікті қазақ қауымының өкілдерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Елші елді одан әрі дамытудың мақсаттары мен міндеттері туралы қандастарды хабардар етті. Сондай-ақ Астрахан қазақтарының күнделікті тұрмыстық өмірі жөнінде жаңалықтар талқыланды.

Елші атап өткендей, жергілікті қазақтар Қазақстан мен Астрахан облысының арасындағы рухани алтын көпір болып табылады. Бүгінгі таңда қазақ қауымдастығы сан жағынан аймақтағы екінші этникалық топқа айналып отыр. Ол облыс басшылығына Астрахан қазақтарын жан-жақты қолдап, олардың тарихи отанымен рухани байланыстарын нығайтуға, тіл мен мәдениетті сақтауға, қазақ мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыруға ұдайы қолдауы үшін алғысын білдірді.

***

Елші сапарының маңызды бөлігі VIII Каспий медиафорумына қатысу болды. Д.Абаев Форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде биылғы форумның өзекті тақырыбы – "Қоғамдық дипломатия және әлеуметтік медиа, халықтарды жақындастыру факторлары" деп атады. "Шын мәнінде, біз қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, біздің елдерімізде тұратын 250 млн.азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен сенім ахуалын қалай нығайту қажеттігі туралы айтатын боламыз. Өйткені, тату көршілікті нығайту дипломаттар мен саясаткерлердің күш-жігеріне ғана емес, негізінен қарапайым адамдар, мәдени, білім беру, ғылыми, іскерлік қауымдастықтар мен топтар арасындағы жанды диалогқа негізделеді", - деп атап өтті Елші.

Ол ақпараттық ортаның сапасына ерекше назар аударуға және өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарында медиа кеңістікте коммуникация мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

***

Каспий медиафорумы аясында Д.Абаевтың РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрінің орынбасары Б. Черкесовамен кездесуі өтті. Медиасферадағы ынтымақтастық және екі елдің БАҚ өкілдері арасында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, сапар барысында Д.Абаев "Гекса-Лотос" кәсіпорнының, "Лотос" кеме жасау зауытының, "Белуга"балық өсіру компаниясының жұмысымен танысты.