Қазақстан Елшісі Астрахан мемлекеттік техникалық университетінде болды

Қазақстан Елшісі Астрахан мемлекеттік техникалық университетінде болды

18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Абаев Астраханға жұмыс сапары шеңберінде аталған университетпен танысу және ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында АГТУ ректоры А.Неваленныймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ұйымдарымен ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация университеттің заманауи инфрақұрылымымен, ғылыми-білім беру базасымен және АГТУ-нің тарих мұражайының экспозицияларымен танысты.

Сапар шеңберінде Елші сондай-ақ АГТУ-де оқитын қазақстандық студенттермен кездесті және білім ордасының ғылыми зертханалар мен тренажерларды аралап шықты. Олардың қатарында жүзу құрамын дайындауға арналған орталық және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп қалпына келтірілген "Лукойл-Нижневольскнефть" компаниясының базалық кафедрасы бар.