15 қыркүйекте Астрахан облысы Краснояр ауданының Байбек ауылындағы "Жаңару" қазақ мәдениеті орталығында Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына арналған қазақ музыкасы мен ән кеші өтті.
Жергілікті "Атамекен" Қазақ халық аспаптар оркестрі композитордың әйгілі күйлерін орындады.
Мерекелік іс-шарада "Жаңару" орталығының "Гүлдер-ай" би ансамблі, "Асыл аналар" вокалдық ұжымы, Алча, Кіші Арал, Кривой Бузан, Бакланье, Ватажное және Қараөзек ауылдарының мәдениет үйлерінің, сондай-ақ Байбек мектебі мен балабақшасының ұжымдары өнер көрсетті.
Мерекелік іс -шараның құрметті қонақтары - "Краснояр ауданы" МО басшысының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Л.Сергеева, "Жолдастық" қазақ қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Ө.Бекмұханов, Қазақстанның Астрахандағы Бас консулдығының өкілі Б. Әліқұлов, "Байбек ауылдық кеңесі" МО басшысы Э.Такиев, "Жолдастық" қоғамдық ұйымының аудандық бөлімшесінің төрағасы А. Бекесов және т. б. болды.