Қазақстан Елшісі Астрахан облысына сапармен келді

Қазақстан Елшісі Астрахан облысына сапармен келді

Сапар аясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Володар ауданының Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталыққа және атақты қазақ композиторы күйші Құрманғазының кесенесіне барды.

Құрманғазы мәдени орталығының директоры А. Әбілғазиев қазақстандық делегацияны өңірдің мәдениет мекемесінің негізгі қызметі  түрлерімен және мұражайда қойылыған мәдени жәдігерлермен таныстырып, баяндап берді. 

Сонымен қатар, 18 қыркүйекте Елші Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті аспектілерін талқылады, Қазақстан өңірлері мен Астрахан облысы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан мен жалпы Ресей арасындағы тауар айналымындағы жыл сайынғы оң динамика өзара сауданың серпінді өсуін айғақтайтыны атап өтілді.

Сондай-ақ, кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, облыстағы көптеген қазақ диаспорасы екі елдің шекаралас облыстары арасындағы достықтың берік көпіріне айналғаны және қазақ мәдениеті мен ана тілін сақтауға, сондай-ақ қазақ диаспорасының тарихи Отанымен рухани байланысын сақтауға маңызды мән беретіні атап өтілді. Талқыланған мәселердің бірі Астрахан облысымен ынтымақтастықтың маңызды бағыты - білім беру саласы болып табылады.

Сапар аясында Д.Абаевтың Каспий медиафорумы-2023  жұмысына, сондай-ақ Астрахан облысында тұратын қандастармен, жоғары оқу орындарының басшылығымен  және басқа да іс-шараларға қатысуы жоспарланып отыр.

Ресей Федерациясы Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылады. Екіжақты қатынастарда Астрахан облысы жеке орын алатын өңірлермен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.