
Ұлы қазақ композиторы-күйші Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Абаевтың Астрахан облысына ресми сапарына орай Астрахан филармониясында алғаш рет атыраулық Қаршыға Ахмедьяров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары концерт берді.
Концертті тамашалауға келген құрметті қонақтар арасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж. Бисембиев, Астрахань облысының Мәдениет министрі О.Прокофьева, Астрахан облысынан Федерация Кеңесінің сенаторы г. Орденов және т.б. қатысты.
Ержан Китаровтың жетекшілік ететін "Нарын" халық аспаптар оркестрі астрахандықтар үшін Құрманғазы Сағырбаевтың, Ахмет Жұбановтың, Евгений Брусиловскийдің, Қаршыға Ахмедьяровтың, Шәмші Қалдяковтың және т.б. танымал күйлері мен әндерін орындады.
Концерт Құрманғазының белгілі "Сарыарқа" музыкалық шығармасымен аяқталды.
Ұлы күйшінің мерейтойы аясында "Нарын" оркестрі Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықта және Красный Яр ауылындағы "Мир" ауыларалық мәдени-демалыс орталығында өнер көрсетті.