
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакпен кездесті.
Екіжақты форматтағы және өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Алдағы өтетін іс-шараларды жоғары деңгейде талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Ресей басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыздылығын атап өтті.