
Іс-шараның алғашқы күні медиафорумға қатысушы елдерден келген делегация басшыларының кездесуі өтеді.
Форум алаңы Астрахан Мемлекеттік опера және балет театры болады.
2023 жылғы кезекті "Каспий медиафорумы" Қазақстан Республикасынан, Әзербайжан Республикасынан, Иран Ислам Республикасынан және Түрікменстаннан, сондай-ақ Беларусь, Үндістан, Қырғызстан және Өзбекстаннан қонақтарды қабылдайды.
Форумға қатысу үшін тіркеуге 600-ден астам адам өтінім берген, оның 101-і шетелдік делегациялар.
Медиалық оқиға Каспий өңірі елдерінің әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.
Форумның басты тақырыбы - "Қоғамдық дипломатия және әлеуметтік медиа халықтарды жақындастыру факторы".
Медиафорум жұмысына Қазақстан тарапынан ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Абаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы Е. Нәшірәлі қатысады.