
16 қыркүйек күні сағат 17:30-да Астрахан облысы Володар ауданының Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықта Қазақстаннан келген Қаршыға Ахмедьяров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрінің (Атырау қ.) концерті өтеді. Аталған іс-шара композитор Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.
17 қыркүйекте сағат 19:00-де оркестр Астрахан филармониясында, ал 18 қыркүйекте сағат 18:00-де Астрахан облысы Красный Яр ауылындағы "Мир" ауыларалық мәдени-демалыс орталығында өнер көрсетеді.
Шығармашылық ұжымның құрамында 60-тан астам өнерпаздар бар. Олардың орындауында композициялық танымал халық аңыздары, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Қаршыға Ахмедьяров және Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері, терме және вальстары орындалады.
Кіру тегін.