
Реверс бизнес-миссия барысында Астрахан қаласында қазақстандық және ресейлік жергілікті компаниялардың тұсаукесерлері ұйымдастырылды. Қазақстандық компания өкілдері Астрахан аумағындағы кәсіпорындарында болып, жергілікті өндірушілердің әлеуетімен танысады және кәсіпкерлер өзара келіссөздер жүргізеді .
Бизнес-миссияны қазақстандық "Inter Partner" компаниясы мен Астрахан кәсіпкерлікті қолдау қорының Экспортты қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Бас консул Ардақ Мәдиев кездесудің ашылуында құрметті қонақ ретінде құттықтау сөз сөйледі.
Астрахан облысы іргелес жатқан Қазақстан Республикасымен экономикалық және мәдени тұрғыдан тығыз байланысты. Қазақстан мен Ресей екіжақты қатынастар бағытындағы жеке өңірлермен ынтымақтастықта Астрахан облысы ерекше орын алады.