Астраханда Қазақстан халқының тілдері күні атап өтілді

Астраханда Қазақстан халқының тілдері күні атап өтілді

Астраханда Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеуге орай, Тұтас Ресей қоғамдық қолдау штабында Бас консулдықтың өкілдерінің, сондай-ақ БерегА"жастар форумына Атырау облысынан келген қонақтардың  қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Аталған іс-шараны "Жолдастық"Астрахан өңірлік қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілдері ұйымдастырды.
Мерекеге "Жолдастық" ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Тұтас Ресей қоғамдық қолдау штабының, облыстың ұлттық-мәдени қоғамдарының өкілдері, Мемлекеттік Думаның депутаты Р.Аюпов, Байбек ауылының "Жаңару" қазақ мәдениеті орталығының белсенділері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер, шығармашылық ұжымдардың солистері қатысты.
Сөз сөйлеушілер тіл ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал ететінін, мәдени және рухани дәстүрлерді сақтауға көмектесетінін, тәрбие құралы және мемлекетті нығайтудағы басты тірек екенін атап өтті.
Мерекелік кездесуде Астрахан мәдениет және өнер колледжінің "Шалқыма" ансамблінің домбырашылары, "Гүлдерай" балалар би ұжымының солистері, ақын Рахмет Бигалиев сөз сөйледі.
.