
Аталған жарыс алғаш рет "Спорт өмір нормасы" федералды жобасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Жеке және командалық біріншілікте Ресей Федерациясы, Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Беларусь және Иран құрамаларының өкілдері қатысады. Спортшылардың жалпы саны 200-ден асады.
Ойындар бағдарламасына гандбол, дзюдо, 3х3 баскетболдан, сондай- ақ фиджитал-спорттан (фиджитал-гандбол және фиджитал-баскетбол) бірінші рет жарыстар енгізіліп отыр.
Турнир Астрахандағы "Звездный" СК және "Спартак" спорт сарайындағы алаңдарда өткізіледі.