Астраханьда "БерегА" жастар форумы басталды

Астраханьда "БерегА" жастар форумы басталды

2023 жылғы 3 қыркүйекте Астрахан облысында "БерегА" жастар форумының ашылуы өтті.

18-35 жас аралығындағы жастарды біріктірген аталған  Форумға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстаннан 400-ден астам қатысушылар келді. Қазақстан тарапынан  Атырау облысының жастары қатысуда.
Форум барысында өнеркәсіп, жарнама және маркетинг, ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс, қонақжайлылық индустриясы, сұлулық индустриясы, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік сияқты бағыттар бойынша жастардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жоспарлануда.
Форумның негізгі кездесу алаңдары жоғарыда аталған бағыттардағы заманауи шеберханалар мен тиісті жабдықтары бар нақты кәсіпорындар мен білім беру мекемелері болады. Сондай-ақ қатысушы жастар жоспарланған негізгі іс-шаралармен қатар өтетін форумның іскерлік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
Форум 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін жалғасады.