"Каспий маусымы" халықаралық фестивалінде Каспий өңірі елдерінің күндері өтті

"Каспий маусымы" халықаралық фестивалінде Каспий өңірі елдерінің күндері өтті

             Астраханда "Каспий маусымы" Халықаралық классикалық өнер фестивалі жалғасуда. Оның мазмұнды бағдарламасы барша көрермендерді Каспий маңы елдерінің мәдениетімен таныстыруда. Астрахан филармониясында ү.ж. 25-28 тамыз кезеңінде әр қатысушы елге арналған жеке концерттер өтті. Оларға Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Түркіменстанның шығармашылық ұжымдары мен солистері қатысты.

          Толық аншлагпен "Қазақстан Күні" концерті өтті. Оған Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы А.Мәдиев, Атырау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы А. Жоламанов және Атырау облысының халық шығармашылығы орталығының басшысы Ж. Аманиязов қатысты.

          Концертке келген өнерсүйер қауым мультиинструменталист, композитор және белгілі музыкант Б. Ақтаевтың жетекшілігімен "SARMAD" этнофольклорлық ансамблінің қойылымын үлкен қошеметпен қарсы алды. Ансамбль солистері домбыра, адырна, жетіген, қылқобыз сияқты қазақ халқының ежелгі ұлттық аспаптарында шебер өнер көрсетті. Концертте халық әндері, дәстүрлі қазақ пьесалары, сондай-ақ Б.Ақтаевтың бірегей авторлық шығармалары орындалды.