Астраханға Қазақстан делегациясының сапары

Астраханға Қазақстан делегациясының сапары

"Каспий маусымы" Халықаралық классикалық өнер фестивалінің салтанатты ашылуына қатысу үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ. Тінәлиев бастаған делегация Астраханға келді.
Сапар аясында Қазақстан Республикасының өкілдері Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен атақты қазақ композиторы, күйші Құрманғазының кесенесіне барды.

Астрахан облысындағы Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы мәдени орталығының директоры А. Әбілғазиев қазақстандық делегацияны өңірдің мәдениет мекемесінің негізгі қызметімен және орталықтың аумағында орналасқан көшпенділер интерактивті ауылының экспозицияларымен таныстырды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тінәлиев Астрахан облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Афанасьевпен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ Астрахан облысының құзырлы министрлері қатысты.
Әңгіме барысында екі жақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық өзара          іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара жан-жақты байланыстарды одан әрі арттыруға мүдделілік танытты. 

Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес болып табылады. Екіжақты қатынастарда өңірлермен, оның ішінде Астрахан облысымен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.


Сонымен қатар, Фестиваль аясында 27 тамызда Астрахан филармониясында "Қазақстан Күні" өтеді, онда Атырау облысынан келген "SARMAD " этнофольклорлық ансамблі өнер көрсететін болады.