Достықтың алтын көпірі

Достықтың алтын көпірі

          2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының Орал қаласында «Алтын көпір» халықаралық жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.          

        Аталған іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бастығы Сайран Дүйсенов, Ресей Федерациясындағы Қазақ тілі халықаралық орталығы өкілдігінің төрайымы Сәуле Таикешева, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары және басқалар қатысты.

       Орал өңірі Ресейдің бірқатар аймақтарынан келген этникалық қазақтардың кездесу орнына айналды. Бұл жолы фестивальға шекаралас бес аймақтан өкілдер жиналды. Атап айтсақ, Ресейдің Орынбор, Саратов, Волгоград, Самара және Астрахан, Челябі облыстарынан қонақтар келді.

        Жастар арасында ана тілін, ұлттық дәстүрлерді үйренуге ықыласы бар және қазақ ас мәзірінің ең танымал тағамдарын дайындауды үйренгісі келетіндер үшін фестивальге деген қызығушылық артып келеді.

          Фестиваль Ресей Федерациясындағы Қазақ тілі халықаралық орталығының өкілдігі мен ҚР Батыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы меморандум аясында өтуде.